Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру мерзімі ұзартылды

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш беру 9 қаңтарға (қоса алғанда) дейін ұзартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Өңірлерде қосымша орындар ашу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ақпарат парақшада дүйсенбі күні жарияланады. Сондай-ақ сіздерден бос орындар туралы жалған ақпарат таратушыларға сенбеуді және өзекті жаңалықтарды тек ресми ақпарат көздерінен, яғни әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыздан және www.testcenter.kz сайтынан оқуды сұраймыз, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау мерзімі 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарда аяқталатыны айтылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы