Қаңтар-ақпан айларындағы ел экономикасының өсу қарқыны 3,5 есе жеделдеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырсында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімедеді.
Ведомства басшысы еліміздің қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы айтты.
Есептік кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектордың өсуінің жеделдеуі, сауда мен байланыстың қаңтар айындағы төмендеуден кейін қалпына келуі және өндіруші мен секторлардағы инвестициялардың қарқынды өсуі байқалады. Нақты сектордағы өсім 4,7 пайызды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1 пайызға дейін ұлғайды, -деді министрі.
Оның атап өтуінше, салалар арасында көлік және құрылыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,6 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 5,7 пайызға жетті, -деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.