Қант, су, қызылша. Сарапшы тапшылық болмас үшін не істеу керегін айтты

«Қазақстан қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті Айжан Наурызғалиева ОКҚ-да өткен дөңгелек үстелде қант тапшылығы болмас үшін не істеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қант мәселенің бірінші орынға қойылып, оған мән беріле бастағаны дұрыс. Былтырғы сыни жағдай болмағанда, қант саласы әлі күнге дейін көлеңкеде қалып қояр еді. Былтырғы статистика импортқа тәуелді екенімізді көрсетті. Мемлекет нақты іс-шараларды қабылдап жатыр, - деді ол.

Сөзінше, 2022 жылды қант саласын дамытуға қатысты кешенді іс-шаралар жоспары қабылданған.

Атап айтқанда, құжатта шикізатпен қамтамасыз ету, инфрақұрылым мәселесі, қант өндірушілерді мемлекеттік қолдау және бағаны тұрақты ұстау қарастырылған.

2020 жылдан бері бізде егіс алқаптары азайып келеді. Оның көлемі 2020 жылы 15 200 гектар болса, 2021 жылы оның көлемі 9 мың гектар ғана болды. Бұл өте аз ғана. Сәйкесінше жиған астық та аз болды. Мысалы, оптимистік жоспар бойынша 40 мың тонна қызылша жинауды жоспарласақ, өкінішке қарай, 28 600 тонна ғана қызылша алдық, - деп айтты Айжан Наурызғалиева.

Ол қант саласын дамыту үшін инфрақұрылымға, яғни сумен қамтамасыз етуді қолға алу қажеттігі мәселесін көтерді.

Бастысы - сумен қамтамасыз ету. Өйткені су жетіспеушілігі - бұл оңтүстік өңірлердегі өзекті мәселе. Мысалы, Жамбыл облысында жағдай жақсы болса, Алматы өңірінде жағдай мүшкіл. Егер сумен қамтамасыз ету мәселесін дер кезінде шешпесек, онда қант қызылшасын жинаудың тиісті көлеміне қол жеткізе алмаймыз, - деп айтты сарапшы ОКҚ-да.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: naryk.kz
Өзгелердің жаңалығы