Қант нарығындағы былық: Тергеп-тексеру басталды – Жұманғарин

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қант нарығында монополия орнатуға әрекет еткен компанияны атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру басталды. Соның нәтижесінде қорытындыға келеміз. Қант бойынша айналым схемасына айтарлықтай көп қаражат бөлдік. Көктемгі дала жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді және айналым схемасына 100 млрд теңгеге жуық ақша бөлінді. Неліктен бұл қаржы қант зауыттарына жетпеген? Анықтау қажет, – деді министр.

Министр әкімшіліктен бөлінген 100 млрд-тың зауыттарға бармағанын айтты.

Ол шикі қантты сатып алуға, өндіруге ақша берген. Енді ақша берген адам 90 пайыз қантты сатамын деп өзіне алып алған. Бұл деген  – бизнес енді. Не болғанын түсінуіміз керек. Мәселе қайдан шықты? Неге айналым схемасына берілген 100 млрд теңге әкімшіліктен бірден зауыттарға бармады? Заңсыздық белгісі бойынша тергеу басталды. Қорытындысын монополияға қарсы мекеме айтуы керек. Ол «КаИс Инвест» деген компания», – деді Серік Жұмағарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы