Қант бағасының қымбаттауы әлемдік тенденция - Қарашөкеев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қант экспортына 6 айға шектеу қойылды. Бұл не үшін жасалған қадам? Елімізде қант тапшылығы бар ма?Бүгін Үкімет кулуарында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жауап берді.
Шынын айту керек, жыл сайын қантты экспорттау көлемі аз. Қантты тек импорттаймыз. Біз мамырда 35 мың тонна қантты және маусымда 42 мың тоннадай қант өнімін өндіріледі деп күтеміз. Сол себепті біз өз қажеттілігімізді қамтамасыз етеміз деген сенімдеміз. Азын-аулақ экспортымызды өзімізде қалдырайық дедік. Өйткені Қазақстанның шекара аймағында көршілес елдерге қарағанда қант арзандау болып тұр, -деді министр.
Ведлмства басшысының айтуына қарағанда, қант экспорттына шектеу ішкі нарықтағы қажеттілікті қамтамасыз ету жасалып отыр.
Қазір қорда 32,5 тонна қант бар. Қазіргі таңда төрт өңірдегі зауыттарымыз өндіріп жатыр. Қазір бағаны тұрақтандыру шаралары қабылданып жатыр. Жалпы, қан бағасының өсуі әлемдік тенденция. Себебі, қант құрағының бағасы Лондон биржасында, қант бағасы Нью-Йорк биржасына анықталады. Қазір қант бағасының қымбаттағаны әлемдік тенденция болып тұр, -деді Е. Қарашөкеев.