«Қант бағасы сәл өседі». Министр қант бағасының қымбаттау себебін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Негізі қызылшадан өңдейтін қантты өңдеу мерзімі қазан айынан басталады. Қазіргі уақытта біздің 4 қант зауытымыз қантты құрақ қанттан жасап отыр. Қазір құрақ қант Бразилия, Үндістан елінен алынып отыр. Ол биржалық тауар болғандықтан сол елдер бағаны қояды. Оған біздің әсеріміз шамалы , - деді Ербол Қарашөкеев.

Қарашөкеевтің айтуынша, отандық зауыттардың көтерме бағамен сатып отырған қант бағасы - 450 теңге.

Ол әр өңірлерге жеткізіліп, сауда орталықтарына барғаннан кейін бағасы 500- 600 теңгенің арасында қалыптасады. Бүгінде елімізде 31 мың тонна қант қоры бар. Оның 12 мың тоннасы жолда келе жатыр. Еліміздің теміржолы арқылы бүкіл өңірлерге таратылып жатыр.  9 мың тонна қант құрағы бар. Одан жуық арада қант өндірілетін болады.

Ведомства басшысы ірі кәсіпорындардағы қант бағасы 500-600 теңге аралығында болатынын айтты.

Отандық зауыттарда маусым айында 44, 8 мың тонна қант өндіріледі. Ай сайын елімізде 45 мың тоннадай қантқа сұраныс бар. Оның ішінде халықтың 25 мың тонна сұранысы бар. Қалғанын сусын шығаратын кәсіпорындар пайдаланып жатыр. Сол себепті өндіріп отырған қант мөлшері алдағы 2-3 айға жетеді. Қанттың бағасы сәл өседі, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы