Қант бағасы күзге қарай арзандауы мүмкін – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күзге қарай қант бағасы тұрақтанатынын айтты.

Ресей Федерациясы қант экспортын күзге дейін шектеді. Қазіргі бар ақпарат бойынша, Ресейде  қант экспортын ашуға дайындалып жатыр. Күзде оларда қант қызылшасының өнімі күтіледі. Сол себеті Ресей мен Беларусьтен де қант келеді, - деді министр орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз мәслихатында.

Ол қант бағасының 620 теңге көлемінде екенін атап өтті.

Мың теңгеге көтеріп сатып жатқандар кішігірім дүкендер. Олар көтерме бағамен екінші және үшінші қолдан сатып алып бағаны қойып отыр. Қант ірі желілерде -  620 теңге, - деді   Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы