Қанша студент жатақхана орнына мұқтаж

Республика бойынша студенттердің құқығын қорғайтын студенттік омбудсмен Айсұлу Ерниязова жедел штабқа 600 студент жатақханадан орын қажет деп келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде жатақханаларда 19 мың орын тапшы. Оның ішінде 13 мыңы Алматы қаласы бойынша, Астанада 2 200, СҚО-да 2 318, Абай облысында 1 100, Түркістан облысында 987 орын тапшы, - деді омбудсмен.

Оның айтуына қарағанда, жатақханаларға орналасу мен олардың жағдайына әр өңірдегі омбудсмендер бақылау жүргізіп жатыр.

Мысалы, Алматыдағы 50 хостелді араладық. Омбудсмендер бұл хостелдерді бақылауға алады. Себебі оларда санитарлық жағдай мен өрт сөндіру қауіпсіздігі талаптары жоғары болуы керек. Сондай-ақ ЖОО белгілі бір хостелмен келісім орнатса, онда студенттерден өзге адамдардың тұрмауы қамтамасыз етілуі керек. Себебі бұл ең алдымен студенттердің қауіпсіздік жағдайы, - деді Айсұлу Ерниязова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы