Қанша адам үй кезегінде тұр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Алмаз Ыдырысов мәлімдеді.
Бүгінгі күні елімізде шамамен 600 мың адам кезекте тұр, соның ішінде 215 мың адам халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатады. Олар көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар, - деп атап өтті комитет төрағасы.
Оның айтуынша, елде қысқа мерзім ішінде баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс 70 мың азамат бар.
Еңбек министрлігі базасының деректеріне сәйкес табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен шамамен 70 мың азамат қысқа мерзім ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс. Олар: 51 мың көп балалы отбасы; 2 мың жетім балалар; 10 мың – 1 және 2 топтағы мүгедектер; Мүгедек балалары бар 7 мың отбасы. Осы санаттағы азаматтардың мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан олардың тұрғын үй мәселесін шешу өте маңызды, - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшысы.
Ал басқа санатқа жататын азаматтар үшін жеңілдікті кредит беру бағдарламасы қолжетімді деп отыр.