Қанша адам коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев хабарлады. Оның айтуынша, індетке қарсы вакцинация жалғасуда.

Бүгінгі таңда еліміздің 303 мың азаматы ревакцинацияланды. Ал жалпы вакцинацияға тоқталатын болсақ, 1-компонентпен 8,9 млн-нан астам адам егілді. Бұл ересек тұрғындарды екпемен қамтудың 78,3%-ын құрады. Екінші құрауыш 8,4 млн-нан астам адамға салынды. Осылайша, тиісті халықтың  73,8%-ы қамтылды, - деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.

Ведомствоның жаңа басшысының мәліметінше, ел бойынша халық санына шаққанда бірінші компонентпен қамту – 48,1%-ды, екінші компонентпен қамту – 44,5%-ды көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін министрдің міндетін атқарушы елдегі эпидахуал оптимистік сценарийге сәйкес орын алып отырғандығы туралы айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы