"Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының учаскесінде жол жабық

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күннің күрт жылынуынан қар жылдам еріп, су өткізгіш құбырларды шайып кету қаупі туындады. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар А-26 автожолының 3 шақырымынан 92 шақырымға дейінгі учаскесінде барлық көлік құралдары үшін қозғалыс тоқтатылды, - деп жазылған «Қазавтожолдың» хабарламасында. 

Қазіргі таңда төтенше жағдайдың алдын алу үшін арнайы техникалар мен жұмыс бригадасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы