Қандай мамандықты таңдау керек және оқуға қайда бару керек?

Алматыда заманауи білім беру күндері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қандай мамандықты таңдау керек және оқуға қайда бару керек? Бұл сауалдарға оқушылар мен колледж түлектері «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» фестивалінде жауап ала алады.

Фестиваль пайдалы әрі қызықты болмақ. Қатысушыларды көше қойылымдары, флешмобтар, көрменің тұсаукесерлері мен шеберлік дәрістері күтеді. Іс-шарада қандай мамандықтар трендте екенін және еңбек нарығындағы орны туралы айтады.

Сарапшылар кәсіби мансабын жоспарлау бойынша кеңестер береді. Жоғары оқу орындарының өкілдері оқуға түсуге қалай дайындалу керектігін, қанша балл жинау керектігін және белгілі бір мамандық үшін қандай дағдылар қажет екенін түсіндіреді.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері ҰБТ жаңалықтарын түсіндіріп, қалай жақсы дайындалу керектігі туралы кеңестер ұсынады. Фестивальге кез келген адам қатыса алады. Орны: Панфилов және Жібек Жолы көшелері. Күні: 20-21 мамыр, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы