Қандай мамандар сұраныста және оларға қанша ақша төлеуге дайын
Сату және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер еңбек нарығында сұранысқа ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаңтардың алғашқы екі аптасында жұмыс берушілер hh.kz сайтында 40 мыңнан астам бос жұмыс орнын жариялады. Өткен аймен салыстырғанда жұмыс күшіне деген сұраныс екі есе өскен, - делінген "HeadHunter Казахстан" таратқан баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Жоғары сұраныста сату және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер болып отыр. Барлық жарияланған бос жұмыс орындарының 11%-дан астамын құрып отыр. Екінші орында бухгалтерлер (3 мыңға жуық бос жұмыс орны), үшінші орында сату жөніндегі кеңесшілер (2 мыңнан астам жұмыс ұсынысы).
2024 жылдың басындағы сұранысқа ие 20 мамандық:
сату жөніндегі менеджер – 11%;
бухгалтер – 7%;
сатушы/кассир – 5%;
жүргізуші – 2%;
әкімші – 2%;
сауда өкілі – 2%;
оқытушы, мұғалім, педагог – 2%;
байланыс орталығының операторы – 2%;
аспаз, наубайшы, кондитер – 2%;
кеңсе менеджері – 2%;
даяшы, бармен, бариста – 2%;
программист, әзірлеуші – 2%;
хатшы, менеджердің көмекшісі, көмекші – 1%;
SMM менеджері, контент менеджері – 1%;
маркетинг менеджері, интернет маркетолог – 1%;
қоймашы – 1%;
кассир-оператор – 1%;
заңгер – 1%;
қызмет көрсетуші инженер, инженер-механик – 1%;
инженер-конструктор – 1%.
Бір қызығы, жыл басында кадрларға сұраныс төмендеген бірде-бір сала анықталмады. Елде бос жұмыс орындарының көбеюімен қатар ұсынылатын жалақы да көтеріліп жатыр. 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда жылдық өсім 18% болды, бұл өсім жоғары білікті мамандарға сұраныстың артуына байланысты, - делінген хабарламада.
Ел бойынша ұсынылған орташа жалақы 262 мың теңге. Орташа жалақы 299 мың теңгеден асып, өңірлер арасында көш бастап тұрған елорданы бөлек атап өткен жөн.
Астана – 299 569 теңге;
Алматы – 289 583 теңге;
Қарағанды – 249 645 теңге;
Көкшетау – 249 645 теңге;
Қостанай – 245 254 теңге;
Теміртау – 244 652 теңге;
Шымкент – 239 659 теңге;
Өскемен – 239 659 теңге;
Ақтөбе – 239 659 теңге;
Атырау – 234 666 теңге;
Ақтау – 234 666 теңге;
Павлодар – 224 681 теңге;
Петропавл – 224 681 теңге;
Семей – 220 682 теңге;
Қызылорда – 220 682 теңге;
Орал – 218 617 теңге;
Тараз – 202 210 теңге;
Талдықорған – 199 716 теңге.