Қандай көлік жүргізушілеріне 157 280 теңге айыппұл салынады?
«Желмая» жобасының бүгінгі қонағы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазан айында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске және жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіліп, Президент қол қойған еді. Енді сол жаңа талаптардың кейбірі 4 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Солардың бірі көліктің орташа жылдамдығын өлшейтін жүйе. Бұл қандай жүйе?
Қала ішіндегі көлік жылдамдығына қатысы бар ма, "60-тан асырсаң 150 мың айыппұл төлейсің" деген ақпарат рас па?
Биыл жыл басынан бері 22 мыңнан аса жол апаты болған. Соның ішінде жол көлік апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 25 мыңнан астамы түрлі дене жарақатын алған. Қайтыс болған балалардың саны 200 ден асады. Қорқынышты статистика. Негізгі себеп неде?
Осы және де өзге де сауалдарға ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова жауап береді.
«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.
«Желмая» жобасының өткендегі шығарылымының қонағы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек болған еді.