Қандай дәрі-дәрмек бауырды зақымдайды
Жетекші америкалық университеттердің қызметкерлері мен АҚШ-тың ардагерлер ісі бойынша министрлігі бауырды зақымдау қаупі жоғары дәрі-дәрмек түрлерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олардың қатарында антибиотиктер, нейролептиктер, статиндер, зеңге қарсы құралдар, антипаразиттік препараттар бар.
Jama Internal Medicine таратқан мәліметке сәйкес, сарапшылар АҚШ ардагерлер денсаулығын қорғау басқармасынан алған сегіз миллион адамның электрондық медициналық картасының деректеріне талдау жүргізген.
Деректер 2000 мен 2021 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыған. Жұмыстың басында АҚШ-та ең жиі тағайындалатын 194 препараттардың тізімі жасалып, одан соң олардың бауыр және өт шығару жолдарының аурулары болмаған пациенттердің денсаулығына ықпалы зерттелген.
Зерттеу барысында ауыр жіті бауыр жеткіліксіздігі диагнозымен ауруханаға жатқызудың барлық жағдайлары тіркелген. 20 жыл ішінде сондай 1739 жағдай тіркелгені анықталды.
Әсіресе бауырға үлкен қауіп төндіретін 17 препаратқа назар аударылды.
Олардың арасында лямблиоз, трихомонадты вагинит, асқазан мен он екі ішектің ойықжара ауруын емдеуде қолданылатын метронидазол дәрісі бар.
Сонымен қатар жоғары уытты дәрілер арасында вирусқа қарсы ставудин, ставудин, нейролептик прохлорперазин нейролептигі, кейбір статиндер, сондай-ақ антибиотиктер мен зеңге қарсы дәрі-дәрмектер байқалды.