Қандасымыз Қытайда қонақ күту дәстүрінің мұрагері атанған

Бұл туралы Мәжілісте өткен тақырыптық отырыста ҚР Ұлттық музейі Мәдени мұра ғылыми-зерттеу институты, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің жетекшісі Мәулет Ардаби айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қытайдағы қазақтардың ұлттық рухани мұрасына байланысты заңды көріп шықтым. Қосшыға Қытайдан Қадірхан Қизатұлы деген ақын ағамыз көшіп келді. Ақсақал кісі. Ол Қытайда материалдық емес мәдени мұраның Қытайда екі элементі бойынша өкілі болып танылған екен. Бірінші медалі мен куәлігі бойынша бұл кісі қой сойып, мүшелеп, қонақ күту дәстүрінің мұрагері. Қойда қанша без болады, Асхат Қанатұлына қандай мүше тартылады, маған қандай мүше тартылатыны – бұл үлкен білім мен дағды. Ол соның мұрагері екен, - дейді Ардаби.

Ал екінші куәлігін ақсақал ұлы ақындардың мұрагері ретінде алған. Мәулет Ардабидің сөзінше, бұл кісіге Қытай үкіметі айлық алса айлығына ақша қосады немесе зейнеткер болса, зейнетақысына ақша қосады.

Енді үкімет ақша беріп отырғаннан кейін есеп болуы керек. Яғни оларда мұраны балаға немесе шәкірт тауып үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруың керек деген талап қойылады, - деді ол.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті “Материалдық емес мәдени мұраны қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету туралы” тақырыбын талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы