Қандастардың кері көшуі тіркелмеді – министрлік

Биыл Қазақстан 16,5 мың шетелдік жұмыс күшіне квота бекітті. Оның ішінде 14,2 мыңына рұқсат берілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16,5 мың көлемінде белгіленді, оның 14,2 мыңы бойынша рұқсат берілді. Елдегі шетелдік жұмысшылардың жұмыс істеу заңдылығын, яғни олармен жасалған еңбек шарттарын бақылау үшін еңбек инспекциясы өзара іс-қимыл жүйесін жолға қойды. Бүгінгі күні Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕСУТД) 14 мың рұқсат бойынша 9 мыңнан астам еңбек шарты тіркелген, - дейді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне шетелдік жұмысшыларды қызықтыру үшін 51 мамандық енгізіліп, 566 жұмысшы тартылды.

Шетелде қазақстандық азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау үкіметаралық келісімдер шеңберінде қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні көші-қонның оң сальдосы 3,8 мың адамға жетті. Солтүстік өңірлерге 2 мыңнан астам қандас пен қоныс аударушы көшірілді, осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кері қайту жағдайлары тіркелген жоқ, - дейді ведомство басшысы.

Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы