Қандастар азаматтық алу үшін тағы бір құжат тапсыратын болды
Бұл түзетулер «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңға байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ІІМ «ҚР азаматтығына қабылдау және ҚР азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және ҚР азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» жоба дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, оңайлатылған тәртіппен Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы бап өзгертілді.
Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді.
Бұл ретте олар өтінішке бұрын бекітілген құжаттардан басқа шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның дактилоскопиялық куәлігін қоса беруі қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу туралы өтінішхат (өтініш), егер осы жөнінде өтініш берген адам:
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздері болса (бір мезгілде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) қабылдануға құжаттар тапсырған кезде) бас тартылады.