Қанат Шарлапаев - Қазақстанның регби федерациясының жаңа төрағасы

Қанат Шарлапаев Қазақстанның регби федерациясының жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылдың 25 қаңтарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «QAZAQSTAN RUGBY» Заңды Тұлғалар Бірлестігінің президенті болып сайланды.

Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Ерлер мен жастар құрамалары белсенді дамып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы