Қанат Шарлапаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін Мемлекеттік азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Қатысушылар қатарында Астана, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Алматы, Талдықорған және Ақтау қ. тұрғындары бар.

Кездесу барысында қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтамасыз ету, апатты үйлерден көшіру, нөсер су жүйесін салу және жылумен жабдықтау желілері мен су тарту жүйелеріне қосу мәселелері бойынша жүгінді.

Сондай-ақ қабылдау кезінде «Нақтылы тауарлардың бақылау тізбесін бекіту туралы» бұйрық аясында тұрғын үй иелерінің коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы берешегі, экспорт мәселелері жөнінде айтылды.

Өз кезегінде Қанат Шарлапаев қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап беріп, қатысушыларға белсенді ұстанымдары үшін алғысын білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы