Қанат Құлшыманов Ақордада жаңа қызметке тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жариялады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қанат Құлшыманов Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы болды.

ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің басшысы (04.2022-02.2023); 

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің басшысы (02.2023-03.2024); 

ҚР Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (03.2024-11.03.2025); 

ҚР Президенті Әкімшілігі коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі (11.03.2025 бастап).

Бұған дейін Президенттің өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болғанын жаздық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы