Қанат Қасымхан дәстүрлі садақ атудан қола жүлде алды

9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан "Пута" нысанасы бойынша өнер көрсеткен Қасымхан Қанат қола медальға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының" баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін "Пута" нысанасы бойынша (ерлер – 70 метр, әйелдер – 60 метр) жарыс өтті. 

"Арғымақ" ат-спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен 180 спортшы қатысып жатыр. 

Бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы ел намысын қорғайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының" баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы