Қанат Ислам WBO титулынан жекпе-жексіз айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақта WBO International титулынан айырылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec мәліметінше, қазір бұл белбеу бос қалды. 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, осы титулды иеленгеннен кейін Қанат қорғаған емес. Оны титулдан айыру шешімі осыған байланысты болса керек. Содан бері қазақ боксшы биыл ақпанда ғана эквадорлықДжейсона Миндамен (14-5-1, 8 КО) жұдырықтасты.
Енді WBO International белбеуі 15 қаңтар Актауда Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО) пен ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жекте сарапқа салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнетақы жинақтарын депозитке аударудың жолдары
Өзгелердің жаңалығы