Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық бкосшы Қанат Ислам (29-1, 22 KO) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтем жасап.

Қазіргі таңда Қанат Қазақстанда жүр және бірінші жаттығу лагерін бастамақ. Ал біраз уақыттан кейін АҚШ-қа аттану керек, сол жақта бапкері Роджер Ромроның қол астында дайындығын жалғастырады.

Әзірге келесі жекпе-жектің өтетін орны мен өзге мән-жайы белгісіз. Мұның алдында Қанат жаттығу лагерін қаңтар айының соңында бастамақ болған еді.

Кейінгі рет Қанат Ислам рингке 2022 жылдың 7 қазанында Плант-Ситидегі бокс кешінде шығып, төрешілер шешімімен аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелді (34-18, 23 КО) жеңген боалтын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©instagram.com/islamkanatqazaq
Өзгелердің жаңалығы