Қанат Ислам Джимми Келлимен жұдырықтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың танымал кәсіпқой бокс­шысы Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. Ол 21 қаңтарда АҚШ-тың Плант-Сити қаласында ұлы­британиялық Джимми Келлимен күш сынасады.

Тұманды Альбион елі өкілінің кә­сіпқой рингте жиған бі­раз беделі бар. 29 жас­­та­ғы Джим­ми осы күнге дейін 27 кездесу өткізіп, 25 мәр­те жеңіске жетті. 10 қарсыласын но­каутқа жіберді. Тек екі рет ғана жеңілістің кермек дәмін татты. Ұлы­британия боксшының 2015 жылдың желтоқсан айында WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атануға тамаша мүмкіндігі болды. Алайда өзінің отандасы Лиам Смитпен болған жекпе-жектің жетінші раундында ол техникалық нокаутпен ұтылды. Өзінің соңғы бәсекесін Келли осы жылдың 12 желтоқсанында Гарри Мэттьюсқа қарсы өткізіп, оны үшінші раундта ұрып жықты.

Ал Қанат Исламның жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. 10 жылға жуық уақыт аралығында 28 рет шаршы алаңғы шығып, барлық бәсекені өз пайдасына шешкен қазақ боксшысы 22 айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы