Қанат Бозымбаев әйгілі банк өкілдерімен жаңа бірлескен жобаларды талқылады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Қазақстандағы Азия даму банкі (АДБ) өкілдігінің директоры Утсав Кумар және АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша департаментінің бас директоры Евгений Жуковпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда АДБ Қазақстанда "Ақтөбе-Мақат", "Ақтөбе-Қандыағаш" автожолдарын қайта жаңарту бойынша және әйелдерді ипотекалық несиелеу шеңберінде қолдау бойынша үш бағдарламаны іске асыруда.

Бұған дейін АДБ Сәтбаев, Жезқазған, Балқаш және Степногорск қалаларында кәріз тазарту қондырғысының (КТҚ) құрылысын қаржыландыруға қызығушылық білдірген болатын.

Вице-премьер әкімдіктер мен бейінді министрліктерге шілденің ортасына дейін КТҚ бойынша қажетті сараптамаларды аяқтауды тапсырды.

Тараптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика саласындағы жаңа жобалардың перспективаларын және басқа да бірқатар мәселелерді талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы