Қанат Бозымбаев: 10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды
Қанат Бозымбаев су тасқынына қатысты жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қанат Бозымбаев су тасқынына қатысты жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстанда су тасқынына қатысты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 6 өңірде 3698 жекеменшік үй су астында қалды. Автожолдардың 155 учаскесінде су шайылған. Су шайған 88 учаске бақылауға алынды. Оның 4-і – көпір. 58 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Оларға азық - түлік пен дәрі - дәрмек жеткізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев ОКҚ алаңында мәлім етті.
10 өңірде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарында 17 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. 1900-ден астам теxника, 500 бірлікке жуығы - сору теxникасы мен жүзу құралдары бар. Төтенше жағдай аймақтарынан 70 мыңнан астам адам көшірілді. Оның 17 мыңға жуығы – балалар. Ауа райы болжамы бойынша таяу арада күн жылы болады. Қардың жылдам еруі және су айдындарының толуы жалғасатын болады. Бүгінгі күні қар жатқан жерлер жалпы еліміз бойынша 15%, ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 40%-ға жуық болып жатыр,-деді Премьер-министрдің орынбасары