Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Бахрейн намысын қорғап жүрген экс-ресейлік Данис Латыповпен кездескен.

Қамшыбек үшінші раундта нокдаун алып қалғанына қарамастан, қарсыласын ұтты. Төрешілер есебі – 5:0.

Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев кемінде қола медаль алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы