Қамшыбек Қоңқабаев – ширек финалда

Ташкенттегі әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев екінші кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1/8 финалда 92 келі салмақта өнер көрсететін Қоңқабаев сириялық былғары қолғап шебері Мохаммед Млайесті төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Осылайша Қамшыбек әлем біріншілігінің ширек финалына шықты. Отандасымыз алғашқы айқасында ресейлік Алексей Дроновты жеңген болатын.

Қоңқабаев – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін күміс жүлдегері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы