Қарағанды облысындағы ҚАЖД АК-159/5 мекемесінде қамқоршылық кеңес өкілдерімен кездесу өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қамқоршылық кеңес өкілдері Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/5 мекемесіне мекеменің әкімшілігіне оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сотталғандарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық ықпал етуді ұйымдастыруға көмек көрсету мақсатында келген болатын.

Аталған шараға «Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ мәдениет және өнерді ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Есмағанбетова Анар Тілеубекқызы, Қарағанды облыстық Дене мәдениеті және спорт басқармасы басшысының орынбасары – Қожабеков Рустам Дәулетұлы, Қарағанды облыстық Білім басқармасының қызметкері Бейсенбаев Ернар Еркінұлы мен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД САТӘПЖБ инспекторы әділет аға лейтенанты Есенбеков Бекзат Төлеубайұлы қатысты.

Мекеме бастығы әділет подполковнигі Бендерский Игорь Сергеевич қамқоршылық кеңес мүшелерін мекеменің объектілерімен таныстырды. Сотталғандарға психологиялық көмек көрсетуге арналған релаксация бөлмесін, мекеме жанындағы жалпы білім бере тін мектепті, монша-жуу комбинатын, №5 өндіріс учаскесін, жасақтардың жатақханаларын аралады. Бұдан соң мекеменің әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес өкілдері проблемалық мәселелерді талқылады. Осы іссапар барысында мәдени-көпшілік және спорттық шараларға, сотталғандарға арналған информатика кабинетін жабдықтауға қатысты көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

АК-159/5 мекемесінің әкімшілігі қамқоршылық кеңес өкілдеріне маңызды мәселелерге назар аударып, шешуге көмек көрсету ықыластарына алғыс айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы