Қамаудан шыққан Төреғали алғаш рет жазба жариялады
Әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде маусым айында болған оқиғадан кейін алғаш жазба жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Инстаграм желісінде:
“Ер жігіттің жарамас жылағаны,
Ештеңе етпес сүрініп, құлағаны.
"Орнында бар оңалар", бәрін қойшы
Праваны айтсайшы пыраваны!" - делінген жазбада.
Оған әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікірлер қалдырды. Оқырмандардың басым көпшілігі уайымдағанын жеткізіп, жақсы көретінін айтқан.
Айта кетейін, 14 маусымда әнші Төреғали Төреәлі есірткі шегіп көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылған еді. Жол ережесін бұзған әншінің әрекетінен басқа автокөліктерге зақым келген. Сот қаулысымен ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы