Қалыңмалы 2 миллион. Актриса Салтанат Серкебаева сырғалым атанды

Актриса Салтанат Серкебаева сырғалым атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы актриса, тележүргізуші өз парақшасында бөліспесе де, өнердегі әріптестері тойдан үзінділерді жарыса салуда.

Соңғы жылдары кино әлемінен көрініп жүрген Салтанат Шығыстың серісіне тұрмысқа шығу үстінде. Жігіттің есімі - Нұржан.

Атаулы күннің қызықты кадрларымен Айгүл Мүкей, Ләйлә Сұлтанқызы сынды т.б әріптестері әлеуметтік желі де бөлісті.

Әлеуметтік желіге жүктелген бір бейнеден актрисаға қалың мал ретінде 2 миллион теңге әкелгенін көруге болады.

Оқырмандар да екі жасқа бақыт тілеп, құттықтап тілектерін білдіруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: әлеуметтік желіден
Өзгелердің жаңалығы