Қалың қар: Ақмолада полицейлер жолдарда бақылауды күшейтті

1-3 ақпан аралығында Ақмола облысында қалың қар жауады деп күтілуде, бұл жол жағдайын едәуір қиындатуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты полицейлер жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырады: қалың қар жауған кезде қозғалыстың шекті жылдамдығы 140 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін төмендейді.

Аймақ трассаларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 300-ден астам қызметкері және жол-техникалық инспекцияның 21 қызметкері жұмылдырылды. Олар жолдардағы жағдайды бақылайды, жол қызметтерін үйлестіреді және жолдардың уақытылы тазалануын қадағалайды.

Қар жауған кезде жолдарда көріну нашарлайды, ал жабынды ұстау сенімділігі төмендейді. Біз жүргізушілерді мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және мүмкіндігінше алыс сапарлардан аулақ болуға шақырамыз, — деп атап өтті Ақмола облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Аслан Қызбикенов.

Жүргізушілерге қазіргі жол жағдайы мен ықтимал қозғалыс шектеулері туралы хабардар болу үшін құтқару қызметтері мен полицияның жедел хабарламаларын бақылау ұсынылады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы