Алматы полициясы қалта ұрыларының фотосын жариялады
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өткен тәулікте өзгенің мүлкін ұрлау бойынша 39 іс ашылды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2 пәтер ұрлығы болған. Кезекші сақшылар 2 істі де ізін суытпай ашқан. Сондай-ақ, 5 телефон ұрлығы жасалған, сақшылар оны да жедел аша білген.
Өткен тәулікте 3 қалта ұрлығы болған, сол күні оның 2-і ашылды. Сонымен қатар, 3 көлік құралы ұрлығы тіркелді, кезекші сақшылар оның барлығын тапты. Негізінен көлік айналары қолды болған, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бұрын ұрланған 11 іс ашылған, соның ішінде өзгенің мүлкін ұрлау - 6, автокөлік ұрлығы -1, пәтер ұрлығы -1, ұялы телефон ұрлығы -3.
Сондай-ақ, өткен тәулікте ҚР ҚК бойынша 9 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған:
- Т. Жүнісов, 1982 жылы туған;
- Н. Нұралин, 1993 жылы туған;
- А. Еділбаев, 1986 жылы туған;
- М. Бекбай, 1998 жылы туған;
- Н. Бейсенбаев, 1982 жылы туған;
- С. Таштемиров, 1999 жылы туған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Моңғолия сотталғандарды беру туралы келісті
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы