Қалдықтың қадірі: Ғалымдар миллиардтаған теңгенің көзін тапты – Саясат Нұрбек
Қазақстанда ғылыми зерттеулерді өндіріс қажеттілігіне бейімдеу жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек BAQ.KZ-тің YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
Министрдің айтуынша, бұдан былай ғалымдарға берілетін гранттарды өндіріс саласымен бірлесіп үйлестіру процессі басталды. Мақсаты – ғылыми жобаларды өндірістің түрлі салаларына енгізу.
Өткен жылы ғылыми жобалардың 10 пайызы ғалымдардың өздері ұсынған тақырыптар емес, өндірістен шыққан тақырыптар болды, - деді министр.
Балқаштағы зауыт пен Павлодардағы өндіріс орындарына ғалымдарды апарып, бір апта бойы өндіріс процесін талдадық. Мәселелерді кезең-кезеңімен қарап, 10 пайыздай тақырыпты соларға бердік. Мысалы, Балқаш зауытында мысты балқытқаннан кейін қалдық қалады. Оның әр келісі 7-8 доллардан сатылады. Бірақ қалдықтың ішінде 99,9 % селен деген сирек металл бар. Тұңғыш партиямыз экспортқа жөнелтілді, - деді ол.
Биыл өндірістен алынатын ғылыми тақырыптардың үлесі 30 пайызға жетеді.
1-2 жылдың ішінде ғылыми зерттеулердің 60 пайызы өндірістен тапсырыс ретінде келуі. Бұл ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтеді, - деп түйіндеді министр.
Бұған дейін Саясат Нұрбек Қазақстанда фантастикалық ЖИ жобаларды жасау жоспарда бар екенін айтты.
Оның сөзінше, бес айдың ішінде еліміздегі студенттер жасанды интеллект бағытында белсенді жұмыс бастап, алғашқы нәтижелерін көрсетті.