Қалбатау – Майқапшағай тасжолының 184 шақырымы биыл қолданысқа беріледі

Қалбатау – Майқапшағай тасжолының Абай облысындағы кей учаскелері де биыл пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күре жолды жаңғырту жұмыстары 10 жылға созылған.Енді былтырдан бері жолды Қытай компаниясы салып жатыр.

Қалбатау – Майқапшағай тасжолын жөндеуге бюджеттен 107 млрд теңге бөлінді. Қазір жұмысты қытайлық құрылыс компаниясы жүргізіп жатыр. Жұмыс сапасын жол активтері ұлттық орталығының мамандары қадағалап, тексеріп отырады.

Қазір жолдағы жұмыс қызу жүріп жатыр. Жол жиектері тазаланып, тегістелуде. Бұған қоса, су тасқынының алдын алатын құбылар орнатылып, көпірлер салынып жатыр. Бүгінде жалпы жұмыстың 40%-і орындалды, - дейді жоба жетекшісі Сюе Чаю.

Қазір Қалбатау – Майқапшағай тасжолында жұмыс қызу. 400-ден астам техника мен жеті жүзден астам адам жұмылдырылған.

Үш компания бірге лидер концорциум болып түскен. Қазақ тарапынан екі компания өз жұмысын аяқтамағандықтан, қазіргі мына бас мердігер Синь Синь жұмысты толығымен аяқтауға міндетті. Сол себепті қыстай компаниясы жұмыс жасап жатыр, - деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының өкілі Ұлан Байтөлепов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы