«Қаламызды сақтайық!». Еліміздің жастары үндеу жолдады
«Жастар Рухы» Жастар қанатының әлеуметтік желісінде «Қаламызды сақтайық!» марафоны жалғасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бейне үндеу арқылы белсенді жастар қала көркін сақтап, көрікті орындарды сақтауға шақырып жатыр. Акцияға Қазақстанның барлық аймағының жастары қатысып, көрікті жерлерді белсенді жариялап жатыр.
Қаланың келбетіне көрік беретін орынның шын қожайыны да қала халық. Әрбір жергілікті тұрғынның өзі туып-өскен немесе тұратын мекенінде қаланың көркін келтіретін орындардың сақталуына жаны ашыса екен. Өз әрекеттерімен қоғамдық құндылықтарды, біздің жағдайымызда қаламыздағы орталық алаңның құрылыс-сәулеттік келбетін бүлдіру, бұзу, т.б. осындай бұзақылықты көрсеңіздер, немқұрайлы болмаңыздар! Вандализм – қоғамға және мәдени құндылықтарға дұшпандық пен жеккөрушілікті білдіретін, оларға зиян келтіретін , тұтастай алғанда қоғамға қауіп төндіретін, заңға қарсы агрессиялық мінез-құлық немесе іс-әрекет,- дейді«Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін елорда көшелеріне күн сайын 2 500-ден астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері кезекшілікке шығады. Қоғам белсенділері еріктілермен бірлесіп, тұрақты негізде «Тоқта, вандал!» акциясын өткізеді.