Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы сотталды
18 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б. сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыппұл салуға сотталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы