"Қалағанымды істеймін". Қызғалдақты таптаған 34 жастағы көлік иесі анықталды

Көкнәр алқабындағы гүлдеоді таптаған BMW көлігінің иесі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейнеде көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген. Оған ескерту жасаған азаматқа ол:

Қалағанымды істеймін, - деп жауап қайтарған.

Іске қатысты Жетісу облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Бейнежазбадағы BMW автокөлігінің иесі Кербұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны екенін хабарлаймыз. Жүргізуші ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылады. Белгілі болғандай, ер адам қазіргі уақытта жұмыс бабымен іссапарда, қайтып келгеннен кейін ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Іс ерекше бақылауға алынды, - деді баспасөз қызметі. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы