"Қала тұрғындары айтпайды". СҚО әкімі Петропавлдың атауына қатысты пікір білдірді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Халықтың пікірлерін білеміз деп айтқан едім. Қала әкімімен объектілерді аралап, халықпен жиі кездесіп тұрамыз. Бірақ Петропавл қаласының атын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала тұрғындары да ол мәселесі көтермейді. Олар әртүрлі салаларды дамыту және жол мәселелеріне көңіл бөледі. Мысалы, облыста тас жолдың ұзындығы 400 шақырымға жетеді, оның 40 пайызына ғана асфалть төселмеген. Иә, қала халқының пікірі әртүрлі, бірақ көбі қала атауын өзгерту мәселесін көтермейді, - деді Нұрмұхамбетов Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін облыс әкімі "Тасқынның алдын алу мүмкін бе еді?" деген сауалға жауап берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы