Қала құрылысы саясатының міндеті – өңірлеріміздің қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету
Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында академиялық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесу барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Құлбаев қатысушылармен жұмыс нәтижелерімен бөлісіп, аталған кодексті әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс проблемалық мәселелер бойынша келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер талқыланды. Сапалы заңнамалық актіні әзірлеу мақсатында тараптар өзара іс-қимыл жасасып, күш-жігерді біріктіретін болады.
Қала құрылысы саясатының міндеті – өңірлеріміздің тиімді, қауіпсіз әрі жайлы дамуын қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу, әрине, ғылыми және технологиялық тұрғыдан негізделген, сонымен қатар уақыт сынағына төтеп бере алатын ұсынылған шешімдерді ашық талқылауды талап етеді. Әлбетте, осындай форматтағы кездесулерге жетекші университеттердің өкілдері қатысуы керек, – деді Б.Құлбаев.
Айта кетерлігі, жаңа қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері бойынша жиындарды тұрақты негізде өткізіп тұру көзделген.