Қала күніне орай бірнеше адамға "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді

Қала күніне орай бірнеше адамға "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала басшысы Ерболат Досаев мегаполистің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қала тұрғындарын "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағымен марапаттады. Олардың қатарына ғалымдар, дәрігерлер, суретшілер, қоғам қайраткерлері және басқалары бар.

"Алматының құрметті азаматы" атағымен марапатталғандардың тізімі:

  • "Дос-Мұқасан" аңызға айналған вокалды-аспапты ансамбль;
  • Көрнекті антрополог ғалым Оразақ Исмағұлов;
  • Белгілі суретші, "Қазақстан Суретшілер одағы" РҚБ мүшесі Алпысбай Қазғұлов;
  • Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова;
  • Қоғам қайраткері, "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі" ҚБ төрағасы Мұрат Абдушукуров;
  • Мемлекет және саяси қайраткер Сәт Тоқпақбаев;
  • ҚР ҰҒА академигі Ғахип Уәлиев;
  • Ғалым-математик, ҚР ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев;
  • ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері, футболшы Құралбек Ордабаев;
  • "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Зәуреш Аманжолова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы