14 Қыркүйек 2024 2024, 19:37 Фото: gov.kz

Қала күні: Алматы халықаралық әуежайында шетелдік туристерді қалай қарсы алды

Алматыда Қала күніне орай «Алматының символы – сыйлыққа» атты акция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда Қала күніне орай «Алматының символы – сыйлыққа» атты акция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы, Алматы халықаралық әуежайы және ҚР ҰҚК Алматы қаласы Шекаралық бақылау басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Паспорттық бақылау аймағында халықаралық рейстердің жолаушыларына Алматының жылуы мен қонақжайлылығын білдіретін «апорт» сұрыпты алмалар ұсынылды. Акция шамамен 10 мың жолаушыны және 50-ден астам рейсті қамтыды.