Қала басшысы индустриалды аймақтың проблемалық мәселелерімен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес жыл бұрын салынған "Индустриалды" темір жол станциясы составтарының  жойылу қаупіне байланысты көліктік бақылау инспекциясы жауып тастады. Тағы бір нысан – кірме темір жолдар 2018 жылы ақауларымен  қабылданды. Олардың құрылысы кәсіпорындарға логистика мен өндіріс құнын төмендетуге көмектесуі керек еді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әкім жұмыстарды аяқтап, станция мен кірме жолдарды пайдалануға беруді, сондай-ақ оларды қабылдағанда ақауларын реттеуді  тапсырды.

Тағы бір мәселе – нөсер жаңбыр кәрізінің жұмыс істемейтін жүйесі. 2018 жылы салынған, ол мүлдем іске қосылған жоқ. 

"Біз немқұрайды мердігермен мәселені анықтайтын боламыз, бірақ қазір бізге нөсерлік кәріз жүйесін ретке келтіріп, оны өнеркәсіптік пайдалануға беру маңызды", – деп хабарлады Ерболат Досаев.

Барлық кемшіліктер мен ақауларды қазан айының соңына дейін түзету тапсырылды. Индустриалды аймаққа қызмет көрсетуді екеуінің орнына бір компания жүзеге асыратын болады. Бұл шешім үйлестіру кеңесінің мүшелерімен және кәсіпорындардың өкілдерімен өткен кеңесте қабылданды.

Индустриалды аймақты кеңейту, білім беру кластері базасында кадрлар даярлау, сондай-ақ қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру жоспарда бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы