Қала атауын өзгерту. Әкім петицияға қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков желіде пайда болған петицияға түсініктеме берді, онда Солтүстік Қазақстан облысының орталығын Қызылжар деп қайта атау ұсынылған.
Петицияны жазғандар Петропавлды Қызылжар, ал Павлодарды Ертіс деп қайта атауды ұсынған. Қазіргі уақытта өтінішті 24,4 мың адам қолдаған. 13,2 мың адам қарсы шыққан.
Мен, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының атауын өзгерту туралы онлайн-петицияның жақтастары мен қарсыластарының пікірталастары жүріп жатқанын байқадым. Бұл петицияны жеке тұлға мемлекеттік емес сайтта жасағанын атап өткім келеді. Мемлекеттік органдардың бұл бастамаға қандай да бір қатысы жоқ, - деп жазды ол.
Ол бүгінде қаланың атауын өзгерту мәселе көтерілмегенін айтты.
Қала әкімдігінің күн тәртібінде қайта атау туралы мәселе көтерілмегенін ресми түрде мәлімдегім келеді. Бұл мәселе туындаған жағдайда да, оны қарау біздің қаламызда тұратын халықтың пікірін ескере отырып, елдің ономастика саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады, - деді қала басшысы.
Ол азаматтырды өзара құрмет көрсетуге шақырды.
Сондықтан мен азаматтарды өзара құрмет көрсетуге шақырамын және әлеуметтік желілерде пікір қалдыру кезіндегі жауапкершілік туралы еске салғым келеді. «Жаңа Қазақстанда біз әрдайым «әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын ұстануымыз қажет» деп айтқан болатын Еліміздің Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. Біздің қаламыздың тұрғындары Президентпен бірдей пікірді ұстанып және біз бір-бірімізбен қатысты жоғары мәдениет танытатынымызға сенімдімін, - деді Болат Жұмабеков.