«Қабырғасы ылғал тартқан». Әкім Түркістан кесенесінің жай-күйі туралы айтты

Түркістан кесенесіне қауіп төніп тұр. Қабырғалары ылғал тартқан, күмбездің беткі қабаттары түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

БАҚ өкілдері осы мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарып жатқаны туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға сауал жолдады. Орталық коммуникациялар алаңындағы брифинг барысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауап берді.

Бұған байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Бұл нақты неден болып жатқанын айтатын нәтиже жоқ. Қабырғалар көгеріп жатыр. Ол бойынша алыс шақын шетелдегі сарапшылармен бірнеше тиісті отырыстар өтті. Олардың айутынгша бұл мәселе 2000 жылдардың басында басталған еді дейді. Облыс орталығына көшпей жатып мұндай процестер болған деді. Бұлардың барлығын ескеріп жұмыстар жүргізу қолға алынды. Қазір республикалық бюджеттен 317 млн тг қаралып, арнайы тиісті құралдар алынып, мониторингтік топ құрылды. Негізгі мақсаты солардың динамикасын көріп, әрбір бөлмеге датчик қойып, жылына 4 мезгілдің ылғалдығын тексереді. Сол кезде ғана не себепті мұндай өзгерістер болғаны белгілі болады. Бір жылдан кейін қорытыныды шығады. Не жұмыс істеу керек сол кезде анық болады, - деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы