Қабанбай батыр мен Орынбор көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 3-4 маусымы аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмысына байланысты көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы