Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Жұлдыз" айналымынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

10-15 шілде аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы