Қабанбай батыр даңғылы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты биыл 29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы