15 Мамыр 2025 2025, 11:39 Фото: видеодан скриншот

"Пышақ сермеді". Сотта Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тың дерек айтылды

Шерзат ісі бойынша сотта даудың басы басталған Қамажай дүкеніндегі видеолар көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шерзат ісі бойынша сотта даудың басы басталған Қамажай дүкеніндегі видеолар көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Видеода Қамажай дүкеніндегі сағат 00:33-ті көрсетеді. Сол сәтте Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев дүкенге келеді. Дүкеннің сыртында тұрған Дархан Әскентай өзінің танысы Нұрболға қоңырау шалып, алып кетуді сұрайды. Сағат 00:42-де Нұрбол Тоқтаубаев дүкенге келеді. Кейін қорғаушы тарап:

Құрметті сот, Қаржаубай Нұрымовтың қолындағы затқа назар салсаңыздар - дейді ол.

Жәбірленуші тараптың адвокаттары Нұрымовтың өзі қолында пышақ болғанын жоққа шығармағанын айтады. Дархан Әскентай Нұрымов пышақты көрсетіп, сермегенін атап өтті.